Атырау облысындағы мұнай кенішінде өрт шықты
Атырау облысында Батыс Прорва кенішінде мұнай ұңғымасы өртенді
Атырау облысында орналасқан Батыс Прорва кен орнында мұнай ұңғымасы өртенді. "Ембімұнайгаз" компаниясы оқиғаға байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Компанияның мәліметінше, "Жылыоймұнайгаз" мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты №437 ұңғымада перфорациядан кейін газ шығып, сорғы-компрессорлық құбыр істен шыққан. Осыдан кейін өрт тұтанған.
“Жылыоймұнайгаз” мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кенішінің N437 ұңғымасында перфорациядан кейін, сорғы-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ шықты, осыдан кейін сорғы-компрессорлық құбыр істен шықты” деп жазылған компания хабарламасында.
Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. PetroCouncil телеграм-арнасының хабарлауынша, өрттің биіктігі шамамен 20 метрге жеткен.
Өрттің нақты себебі анықталуда. Мамандар оны сөндіру және жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын жалғастыруда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...