Атырауда 82 жастағы әйелді туған келіні пышақтап өлтірді

31.01.2026 13:11 Айсұлу Мұрат
Атырауда 82 жастағы әйелді туған келіні пышақтап өлтірді
44
pixabay

Атырау облысында қайғылы оқиға тіркелді. Аудан тұрғындарының бірі, 82 жастағы әйел өз үйінде қаза тапқан. Бұл дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz azh.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалдарына сүйенсек, 1942 жылы туған марқұм ұзақ уақыт бойы ауыр науқаспен күрескен. Ол төсекке таңылып, тұрақты күтімді қажет еткен. Оқиға болған күні, өткен жылдың мамыр айында, үйде тек қарт әйел мен оның 38 жастағы келіні ғана болған. Отбасының өзге мүшелері бұл уақытта үйде болмаған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, сол күні күдікті қарт әйелге ас үй пышағымен шабуыл жасаған. Жәбірленушінің басына және денесіне кемінде төрт рет жарақат салынғаны анықталған.

Жараланған әйел аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. Зейнеткер алған жарақатынан көз жұмды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалып, күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу барысында сот-медициналық және психологиялық-психиатриялық сараптамалар тағайындалған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті әйел созылмалы психикалық ауруға — параноидты шизофренияға шалдыққан.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр. Іске төрағалық етуші судья — Зарема Хамидуллина.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий