Атырауда алты айлық бала аурухана алдында қайтыс болды
Атырауда облыстық аурухана алдында алты айлық бала қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бала Қызылқоға ауданынан құлақ қабыну және жоғары температурамен жеткізілген. Ата-анасының айтуынша, дәрігерлер диагнозды уақытында анықтай алмай, тиісті ем тағайындамаған және санитариялық авиация қызметін қолданбаған. Салдарынан отбасы баланы өздері жеткізуге мәжбүр болып, жол шамамен алты сағатқа созылған. Баланың жағдайы қалаға келгенде күрт нашарлап, ол аурухана есігінде көз жұмған.
Ата-аналар сондай-ақ, дәрігерлер консилиум барысында санитариялық авиация қолдануға ұсыныс бермегенін айтып, бұл баланың жағдайына әсер еткенің алға тартты.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалған жоқ. Денсаулық сақтау басқармасы тексеру басталғанын хабарлады. Мұндай жағдайларда міндетті түрде сот-медициналық сараптама тағайындалатыны және оның қорытындысына сәйкес шешім қабылданатыны айтылды. Оқиғаның нақты жағдайлары анықталуда.
Соңғы жаңалықтар