Атырауда күйеуі әйелін пышақтап өлтірді

Атырауда күйеуі әйелін пышақтап өлтірді
Фото: ашық дереккөз

Атырауда қайғы оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz.

16 наурызда шамамен сағат 03:30-да полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. 

Облыстық полицияның мәліметінше, оны 62 жастағы күйеуі өлтірген.

Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Тергеу жалғасуда, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу