Атырауда мектеп алдында оқушы қыз мерт болды
Атырау қаласында 6 сәуірде таңертең қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Нұрсая ықшамауданында орналасқан Әл-Фараби атындағы Binom мектебінің алдында жеті жасар оқушыны көлік қағып кетті.
Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жедел жәрдем бригадасы жеткенше оқиға орнында көз жұмған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 1974 жылы туған жүргізуші тізгіндеген Toyota Hiace автокөлігі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған қызды қағып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды»,- делінген полиция хабарламасында.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
14:35
Қазақстанда 46 жыл құжатсыз өмір сүрген әйел ан...
30.10.2026
13:43
«Баспалдақтан құлаған»: Күтушінің қарауында бол...
30.10.2026
12:47
«Маған қарыз болғанын қаламаймын»: Тәуекел Мүсі...
30.10.2026
12:25
Алматыдағы РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызм...
30.10.2026
11:54
Азамат Қапенов Мәсімовтің қызымен қалай танысқа...
30.10.2026
11:38
Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» басшысы болып та...