Атырауда қайықтан құлап, суға батып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр
Атырауда балық аулауға шыққан 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Atyrau Online мәліметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 3 мамырда сағат 17:25-те Еркінқала ауылында болған. Балық аулауға шыққан 17 жастағы жасөспірім моторлы қайықтан өзенге құлап, суға батып кеткен.
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 19 құтқарушы, 5 техника және 6 жүзу құралы жұмылдырылған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері де тартылған – 8 адам, 3 техника және 1 қайық. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
БАҚ мәліметінше, 2007 жылы туған жасөспірім дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысқан және болашағынан үміт күттіретін спортшы болған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...
30.10.2026
18:18
Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған 22 жастағы ер...
30.10.2026
16:51
Шортандыда вагон үстіне шыққан оқушыны тоқ соқты
30.10.2026
16:25
Жетісуда «жүкті» әйел 15 тәулікке қамалды