Атырауда жоғалған отбасы: полиция күдікті туралы ақпарат таратты

Атырауда жоғалған отбасы: полиция күдікті туралы ақпарат таратты
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында Жангелді ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полицияның мәліметінше, қылмысқа күдікті –Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында полиция қызметкерлері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Полицияға Атырау қаласының тұрғыны 25 желтоқсанда ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгінген.

6 қаңтарда отбасының екі мүшесі, атап айтқанда ерлі-зайыпты Қарабалин Мақсот пен Өтешқалиева Нәсіп өз үйінде өлі табылған. Аталған оқиғаға қатысты «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу