Атыраудағы іс: Наурыз бен Мирамгүлді қалай өлтіргені белгілі болды
Марқұмдардың туыстарының айтуынша, кеше кешкісін Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері отбасы мүшелеріне қайғылы хабар жеткізген, деп хабарлайды Politico.kz.
Олардың мәліметінше, Мейрамгүл мен Наурыздың денелері Геолог ықшамауданындағы үй маңынан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, екеуі де пышақ жарақатынан қайтыс болған. Бұл үйде күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев бұрын айына шамамен 50 мың теңгеге пәтер жалдап тұрған.
Марқұмдардың туысы Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, олар соңғы сәтке дейін жақындарының тірі екеніне үміттенген.
«Әрине, бізге өте ауыр. Күдіктінің ұсталғанын естігенде, Мейрамгүл мен Наурыз тірі шығар деп үміттендік. Бірақ кеше олардың да қаза болғанын хабарлады. Қазір денелері моргқа жеткізілді, сараптама жасалады. Кешке дейін жерлеуге беретінін айтты», – деді ол.
Отбасы марқұмдарды Жангелдин ауылына апарып, ата-аналарының бейітінің жанына жерлеуді жоспарлап отыр. Бұған дейін Сәрсемәлиев олардың ата-анасын да өлтіріп, денелерін қораға жасырып қойғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Сонымен қатар күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қазір Авангард ықшамауданындағы психологиялық қолдау орталығында медициналық-психологиялық көмек алып жатыр. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі оның да бұл іс бойынша күдікті екенін мәлімдеген еді.
Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтауда.
Последние новости