Атыраудағы кісі өліміне күдікті туралы ақпарат жарияланды

Атыраудағы кісі өліміне күдікті туралы ақпарат жарияланды
qamqor.gov.kz

Атырау облысында бір отбасының мүшелерін өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген адамға қатысты ресми ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz

Күдікті - зейнеткер ерлі-зайыптылардың күйеу баласы Сұлтан Самиғоллаұлы Сәрсемәлиев. Марқұмдардың мәйіттері үй ауласындағы сарай еденінің астынан табылған.

Полиция мәліметінше, Сұлтан Сәрсемәлиев бір тәуліктен бері іздеуде.

Күдікті туралы мәлімет:

  • Туған жылы: 1996 жылғы 24 сәуір

  • Қазақстан Республикасының азаматы

Іздестіру жұмыстарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бастаған. Қазіргі таңда жедел-іздестіру шараларын Атырау облысының полиция департаменті жүргізіп жатыр.

Ақпарат білетін азаматтардан 98-21-55 нөміріне хабарласу сұралады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу