Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянның психиатриялық сараптама қорытындысы шықты 

29.05.2026 13:05 Әсел Мұрат
Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянның психиатриялық сараптама қорытындысы шықты 
1248
Фото: коллаж Politico.kz

Ақбаян Мұқанғалиеваның психиатриялық сараптама қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

10 наурызда Индонезиядан экстрадицияланғаннан кейін Ақбаян Мұқанғалиева Атыраудағы мамандандырылған медициналық мекемеге жіберілді. Наурыздың аяғында прокуратура егер әйелден психикалық ауытқу белгілері анықталса, оған Алматыда сараптама тағайындалатынын хабарлаған болатын.

10 сәуірде Мұқанғалиева Алматыдағы Сот сараптамасы институтына ауыстырылды.

«Алматыдағы стационарлық кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамасы қорытындысына сәйкес, Мұқанғалиева динамикалық бақылау мен дифференциалды диагностиканы қажет етедіә, – деп хабарлады прокуратура.

Басқаша айтқанда, мамандар адамның психикалық жағдайы туралы түпкілікті қорытынды жасау үшін қосымша бақылау мен тексеру қажет деп есептеген.
Атырау облыстық прокуратурасы мәліметінше, бастапқыда Мұқанғалиеваға қатысты 99-баптың 2-бөлігі 1-тармағы – (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру( бойынша қылмыстық іс тергелген. Алайда 27 сәуірде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.

Соған қарамастан, тергеу әйелге қатысты материалдарды басқа бап бойынша жеке іс жүргізуге бөлген.

«Сонымен қатар қылмыстық іс материалдарынан Қылмыстық кодекстің 434-бабында көзделген "»Қылмыс туралы хабарламау» белгілері бойынша жеке іс жүргізу бөлінді. Мұқанғалиеваның іс-әрекетіне әлі түпкілікті құқықтық баға берілген жоқ, бұлтартпау шарасы таңдалмады», – деп хабарлады прокуратура Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

434-баптың «Аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы анық біле тұра хабарламау» санкциясы 6 000 АЕК-ке (2026 жылға 25 950 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

Айта кететін жайт, 434-баптың ескертуі бар, оған сәйкес қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, сондай-ақ діни қызметшілер – тәубеге келу кезінде өздеріне сеніп айтылған қылмыстар туралы хабарламағаны үшін осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий