Атыраудағы жоғалған отбасы: Ауыл халқы ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салды 

08.01.2026 11:31 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Атыраудағы жоғалған отбасы: Ауыл халқы ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салды 
0
461
Фото: azh.kz

Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында бұған дейін шаруашылық құрылыс аумағынан мәйіті табылған ерлі-зайыптыны жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Politico.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.

Қаза болғандармен қоштасуға туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары жиналды.

Жерлеу таңертең жергілікті зиратта өтті. Ақтық сапарға шығарып салу сәтінде көпшілік көз жасын тыя алмады.

Әкімдік хабарлағандай, жерлеу рәсімін ұйымдастырумен марқұмдардың туыстары өздері айналысқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт бірдей мүшесі ізім-ғайым жоғалып кеткен болатын.

Кейіннен полиция ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Күдіктілер анықталып іздестіріліп жатыр. 

Жоғалған қалған екі адамды полиция іздестіріп жатыр.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий