Атыраудан өзге барлық өңірде су тасқынының беті қайтты
290
Су ресурстары және ирригация минитсрлігі еліміздің су қоймаларындағы жағдайды баяндады.
Атырау облысынан өзге Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды.
Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі — 577 см, Атырау облысының Махамбет ауылында — 1020 см.
«Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмысын жалғастырып жатыр.
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 95%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші — 86,9%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 69%-ға толы. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,7%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 92%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.
Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі. Соңғы жаңалықтар
23.06.2026
23:21
Ербаян Мұхтар қайтыс болды
23.06.2026
20:40
Атыраудағы «ҚазАвтоЖолдың» шұрық-тесік жолдары ...
23.06.2026
19:51
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратег...
23.06.2026
19:44
Тоқаев Еуроодақпен виза режимін жеңілдету және ...
23.06.2026
19:40
Тоқаев Брюссельде Еуропа Одағының басшыларымен ...
23.06.2026
17:53
ҰҚК полиция полковнигі Жеңіс Әуелбековті тергеп...