Australian Open турниріндегі алғашқы қазақ баласы финалға шыға алмады

31.01.2026 11:26 Айсұлу Мұрат
Australian Open турниріндегі алғашқы қазақ баласы финалға шыға алмады
40
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы 2026 жылғы Australian Open турнирінің жасөспірімдер арасындағы жартылай финалында АҚШ өкілі Китон Ханстан жеңілді. Кездесу 3:6, 2:6 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz

17 жастағы Нұрланұлы үшін бір күн бұрын өткен ширек финал айтарлықтай ауыр болып, ойын эмоциялық тұрғыда да көп күш талап етті. Ал Китон Ханс Тайбэйлік Куан-Шу Ченге қарсы матчта (7:6, 6:4) шамамен бір сағатқа жуық аз уақыт жұмсап, кортқа әлдеқайда сергек күйде шықты.

Екі сетте де шешуші сәттерде америкалық теннисші маңызды ұпайларды өз пайдасына тиімді шеше білді. US Open-2025 турнирінің жартылай финалисі атанған Заңғар әр доп үшін соңына дейін күрескенімен, алдыңғы матчтардан кейін шаршағаны анық байқалды. Бұған қоса, бұрыннан мазалап жүрген жарақаты да қайта сыр беріп, жартылай финал барысында қазақстандық спортшыға медициналық көмек көрсетуге тура келді.

Нәтижесінде кездесу 1 сағат 17 минутқа созылып, Заңғар Нұрланұлы 3:6, 2:6 есебімен жеңіліс тапты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий