Australian Open–2026: Рыбакина әлемнің 2-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға өтті
946
Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті жеңді.
Олар бұған дейін өзара 11 рет кездесіп, соның алтауында Швентек жеңіске жетті.
Кездесу 7:5, 6:1 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.
Бұл жеңіс Елена Рыбакина үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі төртінші жартылай финал болды. Australian Open-дегі екінші жартылай финал.
Рыбакина Australian Open–2026 жартылай финалында АҚШ өкілімен кездеседі. Джессика Пегула (WTA №6) мен Аманда Анисимова (WTA №4) арасындағы матчтың жеңімпазымен финал жолдамасына таласады.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...