Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалдау көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
278
Қытай Халық Республикасында Көлік министрлігі, бизнес-компаниялар және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтті,-деп хабарлайды politico.kz
Тараптар ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымының мүмкіндіктері, сондай-ақ экспорттық жүктерді жеткізу шарттарын талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Орталық коммуникациялар қызметінің жазуынша, екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға өсіп, рекордтық көрсеткішке, яғни 28 млн тоннаға жетті. Осы ретте Қазақстаннан экспортқа 12,6 млн тонна жөнелтілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 35%-ға артық.
Сонымен қатар қазақстандық делегация Алашанькоу станциясының бонд аймағындағы дәнді дақылдар мен өсімдік майларын тасымалдау бойынша жаңа терминалдың жұмысымен танысты. Кездесу барысында тараптар тасымалдау технологиясы және қазақстандық агроөнімді қабылдауды ұлғайту туралы келісті.
Тараптар сондай-ақ ҚХР-ға экспортты тасымалдау кезінде туындайтын мәселелерді анықтау және шешу үшін жұмыс тобын құруға келісті.
«Бүгінгі таңда Қазақстаннан Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың қатарында арпа мен бидай бар. Екі тараптың бірлескен жұмысының нәтижесінде 2023 жылы пандемиядан кейін ҚХР-ға тасымалдауды қайта бастауға мүмкіндік туды. Бұл дәнді дақылдар экспортын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, 2021 жылы шамамен 347 мың тонна, 2022 жылы 747 мың тонна, ал 2023 жылы 2 227 мың тонна экспортталды» - деп атап өтті Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов.
Соңғы жаңалықтар
25.08.2026
23:09
Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт ...
25.08.2026
22:38
Тоқаев пен Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлес...
25.08.2026
21:38
Әлем көшбасшылары Тоқаевты Құрылтай сайлауының ...
25.08.2026
20:43
Құрбысы: Күйеуі Мадинаның алтындары мен "айфоны...
25.08.2026
20:36
Астанада декреттегі әйел жалдамалы пәтерден ірі...
25.08.2026
19:45
Мадинаның құрбысы: Енесі «Келін бізге сор болды...