Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілімін бастады
352
Алматы облысында «Қорқыт ата» телехикаясын түсіру жұмыстары басталды деп хабарлады turkystan.kz. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, тарихи туындыны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Өзбекстанның «Кинематография агенттігі» бірлесіп түсіреді. Түсірілім алаңына ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі барып келген. Оның айтуынша, дала абызына қатысты аңыздардың көпшілігі қазақ даласында сақталған.
«Бірақ өздерінің түп-тамырын Қорқытпен байланыстыратын халық көп. Сондықтан бұл телехикая халықаралық нарықта танымал жоба болатынына сенеміз. Ең алдымен, өз тұлғаларымызды дәріптеуде осындай сериалдардың маңызы зор»,- дейді министр.
Телехикая 4 бөлімнен тұрады. Түсірілім тобына Түркі академиясы зерттеушілерінің Алтайдың Қарақаба жазығынан тапқан V-VІ ғасырға тиесілі қобызды пайдалануға ұсыныс жасалды.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
02:35
"Ақшам ғана керек болды ма?". Нұржан Қалған өзі...
13.09.2026
02:03
Тарихшы: Алтын Орда мұрагерлерінің ішінде жалғы...
13.09.2026
01:22
Трамп Қазақстанды Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен...
12.09.2026
21:34
Гүлмира Ізбасхан: Шашым мен татуировкам үшін Құ...
12.09.2026
21:00
Баян Алагөзова: Балаларыма аз уақыт бөлдім деп ...
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...