Қазақстандықтар үйіне күн батареяларын орнатып, электр қуатын сата алады
Сенаторлардың сөзінше, Қазақстан 2050 жылға дейін өндіретін энергияның жартысын баламалы және жаңартылатын қуат көзіне айналдыру керек. Қазір бұл көрсеткіш – небәрі 6 пайыз. Сенаторлар салаға серпін беретін жаңа заңды мақұлдады.
Құжатта нетто-тұтынушы ұғымы енгізілді. Яғни жеке тұлға үйін энергиямен қамтып, артылған қуатты сата алады. Ол үшін кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Мұндай жеңілдік тек жаңартылатын энергия көздерін өндірушілерге беріледі.
"Жеке тұлғалар үйінің үстіне жеке күн электр станциясын койып, өз шығынын азайту біріншіден. Екіншіден, артық болса жүйеге сату, соны қолдау.
Әлемдік тұрғыда талқыланып жатқан нәрсе.
Тариф өсіп жатыр ғой, сондықтан жеке тұлғалар, шағын бизнес өз шығындарын азайту үшін осындай мүмкіндік болсын деген бастама", - дейді энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...