Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев тағы бір ай қамауда отырады
329
Экс-министрді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі былтыр қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған еді. Антикордың мәліметінше, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді. Қазір активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Өткен жылы 29 желтоқсанда М. Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 2024 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартылды.«2024 жылғы 15 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 маусымға дейін ұзартуды санкциялады», - делінген елорда сотының хабарламасында.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
14:35
Аша Матай мен Тамара Асар депутат бола алмады
24.08.2026
14:15
Қазақстандағы ең бай әйелдің жеке мектебі қанша...
24.08.2026
13:45
Путин Тоқаевты Әділет партиясының жеңісімен құт...
24.08.2026
13:07
Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демал...
24.08.2026
13:05
Алматыда тұрғын үй кешенінде алапат өрт болды: ...
24.08.2026
11:41
"Шын сүйсек, неге өлердей жек көреміз?": Азамат...