Балабақшада қараусыз қалған балалар сұмдық әрекетке барды
5 тамыз күні Ақтау қаласындағы 24-шағын ауданда орналасқан «Тұмар» балабақшасындатәрбиеші тыныштық сәтінде 50 минутқа бөлмеден шығып кеткенде, балалардың қараусыз қалуы салдарынан ауыр жағдай тіркелді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Kop soz арнасының мәліметінше, екі бала бір бүлдіршіннің үстіне отырып, тамағын басқан, көзіне бірнеше рет саусақ тығып, басын керуеттің қырына ұрған. Ең сорақысы - балабақша әкімшілігінің әрекеті. Олар жедел жәрдем шақырмай, өздері крем жағып, қыздың анасы келгенше ісікті басуға тырысқан. Тіпті 102-ге қоңырау шалмауын сұраған.
Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсарып келеді, қажетті ем-дом шаралары қабылдануда. Ата-анасы полицияға арыз түсіріп, балабақша әкімшілігін қатаң жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды