Балиде ресейлік қызбен жаға жыртысқан қазақ қызына үкім шықты

06.02.2026 17:32 Әсел Мұрат
Балиде ресейлік қызбен жаға жыртысқан қазақ қызына үкім шықты
229
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова Бали аралында ресейлік блогер Карина Фадееваны ұрғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот процесінің аяқталғанын Карина Фадеева өз парақшасында жазды. Оның айтуынша, сот ақшалай өтемақы төлеу және төрт аптаға қамау түріндегі жаза тағайындаған.

«Мен кешіре аламын, бірақ адам өз қателігінен сабақ алмаса, өмір бәрібір оны ерте ме, кеш пе өз орнына қояды», – деп жазды блогер әлеуметтік желіде.

Оқиғаның мән-жайы

Бұған дейін Ресей азаматы Бали аралында өзіне қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова шабуыл жасағанын хабарлаған болатын. Карина Фадееваның айтуынша, оқиға барлардың бірінде орын алған: Алтайбекова жігітімен бірге отырған сәтте қызғаныштан оған шыны бөтелке лақтырған. Кейін модель кешірім сұрағанымен, келтірілген шығынды өтемеген. Сондай-ақ оның қамауға алынғаны жөнінде мәліметтер тарады.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Гүлсезім Алтайбекова 2022 жылы өткен «Мисс ТМД» байқауында Қазақстан атынан өнер көрсеткен. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматшаның ұсталғанын растады. Ал жанжал болған мекеме өкілдері әйнек стақанды бірінші болып Карина Фадееваның құрбысы лақтырғанын алға тартты. Олардың мәлімдеуінше, бар әкімшілігі оқиғаға дереу араласып, зардап шеккен адам жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілген, ал бейнебақылау жазбалары құқық қорғау органдарына берілген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий