Банктер қазақстандықтардың шоттары жайлы мәліметті салық органдарына беруге міндеттелмек

Қаржы министрлігі екінші деңгейлі банктерді қазақстандықтардың шоттары туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуды міндеттейтін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды POLITICO.KZ ақпарат порталы.
Жаңа ережеге сәйкес, банктер азаматтардың шоттарының нөмірі, ондағы ақша қалдығы және қаражаттың қозғалысы туралы мәліметтерді салық органдарымен бөлісетін болады. Бұл бастама салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттырып, салықтық тәуекелдерді уақытылы анықтауға бағытталған.
Министрлік бұл қадам табысын төмендетіп көрсететін және салық төлеуден жалтаратын жеке және заңды тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді деп күтеді. Нәтижесінде бюджетке түсетін түсімдер көбейіп, көлеңкелі экономиканың үлесі азаюы тиіс.
Қазіргі уақытта бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды және 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.
Соңғы жаңалықтар





