Бас прокурорды президенттің келісімінсіз ұстап, күштеп әкелуге болмайды – Әділет министрі
Конституциялық комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституцияға ұсынылатын өзгерістерді атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Олардың қатарында бас прокурор өкілеттігіне қатысты да өзгерістер бар.
Сәрсембаевтың айтуынша, Конституцияның 83-бабынан «Бас прокурор өкілеттігінің мерзімі – бес жыл» деген тармақты алып тастау ұсынылып отыр.
Әділет министрі жаңа заңға Бас прокурорды қорғауға қатысты өзгеріс енгізілетінін айтты.
«Бас прокурорды қызметін атқарып жатқан уақытта президенттің келісімінсіз ұстауға, күштеп әкелуге, әкімшілік жаза қолдануға, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды», – деді Сәрсембаев.
Бірақ бас прокурорды қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда ұстауға тыйым салынбайды.
Сәрсембаевтың айтуынша, бұл талап Конституциялық сот төрағасы мен судьяларға адам құқықтары жөніндегі уәкілге де қатысты қолданылады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
16:08
«Ред флаг» тек еркектерге ғана тән емес: ҚМДБ т...
29.10.2026
15:43
Кондиционерсіз ұшақта 45 минут тұншыққан жолауш...
29.10.2026
15:35
Қазақстанда «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қ...
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді