Батыс Қазақстанда салық басшысы жемқорлықпен ұсталды

12.01.2026 10:42 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Батыс Қазақстанда салық басшысы жемқорлықпен ұсталды
0
134
Фото: Бейнеден кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі халық тұтынатын тауарларды ел аумағына заңсыз импорттаумен айналысқан көлеңкелі арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Politico.kz

Арнайы жүргізілген операция нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшыларының бірі мен Астана қаласының тұрғыны ұсталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер шетелдік азаматтарға тауарларын мемлекеттік шекара арқылы кедергісіз алып өтуге көмектескен. Бұл «қызметтері» үшін олар қомақты ақшалай сыйақы алып отырған. Құқық қорғау органдары аталған тұлғалардың 100 миллион теңгеден астам пара алғанын процестік тұрғыдан құжаттап, дәлелдеді.

Соттың санкциясымен екі күдікті де қамауға алынды. Заңсыз схеманың кесірінен мемлекеттік бюджетке келтірілген алдын ала шығын көлемі 1,9 миллиард теңгені құрады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі аясында істің өзге егжей-тегжейі жариялауға жатпайды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий