Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды (ВИДЕО)
1052
17 қараша күні облыстық маңызы бар Чапай – Жаңақала – Сайқын автожолының 50-шақырымында Toyota Camry және Volkswagen Sharan көліктері бетпе-бет соқтығысқан, салдарынан көліктердің біреуі өртеніп кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Облыстық полицияның мәліметінше, сегіз адам оқиға орнында қаза тапты, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала болжам бойынша, жүргізушілердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен.
«Ауа райы жағдайы мен жол жамылғысының күйі қанағаттанарлық деңгейде болған, көріну деңгейі жақсы, көлік қозғалысына кедергі келтіретін сыртқы факторлар анықталмаған», - деп хабарлады полиция.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.
Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы тергеу барысында мұқият зерттеліп, анықталады.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
10:59
Бұрынғы мәдениет министрі Асхат Оралов жаңа қыз...
15.09.2026
10:49
БҚО-да «Охотзоопром» филиалының басшысы 5 млн т...
15.09.2026
10:31
«Ағамнан ұтылу ұят емес» Еркебұлан Тоқтар Дания...
15.09.2026
10:19
Экология министрлігін басқарған Ерлан Нысанбаев...
15.09.2026
10:04
Түркістан облысындағы зауытта танымал спортшы қ...
15.09.2026
09:23
Айжұлдыз Адайбекова жарымен түскен романтикалық...