Батыста мәслихат төрағасын балағаттаған шенеунік қатаң сөгіс алды

30.01.2026 16:23 Арман Ермеков Арман Ермеков
Батыста мәслихат төрағасын балағаттаған шенеунік қатаң сөгіс алды
286
Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысында Мәслихат төрағасымен жанжалдасқан әкім аппаратының басшысы қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Politico.kz

Бұл шешім Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қабылданды. Жиын барысында Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысы Ақан Қапановқа қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды.

Кеңес отырысында анықталғандай Ақан Қапанов аудандық мәслихат төрағасымен сөзге келіп қалған. Өзара кикілжің барысында мемлекеттік қызметші лауазымды тұлғаға тап беріп балағат сөздер айтқан.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері орын алған жағдайды жан-жақты талқылай келе басым дауыспен Ақан Қапановқа қатаң сөгіс жариялау туралы тоқтамға келді.

Қапанов Ақан Болатұлы, 1985 жылы 6 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округі, Салтанат елді мекенінде дүниге келген. Білімі жоғары, 2007 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2025 жылдың қараша айынан бастап Жаңақала ауданы әкімінін аппаратының басшысы.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий