Бауыржан Артықов президенттің өкімімен лауазымынан босатылды

30.03.2026 09:49 Арман Ермеков
Бауыржан Артықов президенттің өкімімен лауазымынан босатылды
60

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Бауыржан Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Екі жылдан астам уақыт осы қызметті атқарған Бауыржан Шұбайұлы бұл жоғары лауазымға 2024 жылдың 5 ақпанында тағайындалған болатын.

1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданына қарасты Самсоновка ауылында дүниеге келген қолбасшы өзінің әскери жолын 1991 жылы мерзімді қызметтен бастап, кейін кіші офицерлер курсы мен Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін тәмамдаған.

Ол білімін жетілдіріп, түрлі жылдары Қайнар университетінде педагогика және психология мамандығын меңгеріп, Ұлттық қорғаныс университетінде әскери басқару мен стратегиялық менеджмент бағытында оқыған.

Қарулы күштер қатарында взвод командирінен бастап десанттық шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасарына дейінгі түрлі жауапты қызметтерді атқарған Бауыржан Артықов 2023 жылдан 2024 жылға дейін Бас штабтың ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаментін басқарды.

Ұзақ жылғы қызметі үшін ол екінші дәрежелі Айбын орденімен және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий