Баян Алагөзова мен Динара Сатжан Түркияда қалай демалып жатқанын көрсетті
Танымал продюсер Баян Алагөзова мен тележүргізуші Динара Сатжан Түркияда демалып жүріп, әзілге толы бейнеролик түсіріп, Instagram парақшаларында оқырмандарын күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бейнежазбада қос ару жағажайда арық адамдарды көрмеген соң, арықтау ойынан бас тартқанын айтады. Олар тамақтанып отырған сәттерін көрсеткен.
«Қысқасы, арықтау – күшін жойды... Біз тамақтануды, өмірден ләззат алуды жалғастырамыз», – дейді Динара Сатжан әзілмен.
Айта кетейік, Баян мен Динара қазіргі таңда отбасыларымен бірге Антальяда демалуда. Көңілді ролик әлеуметтік желідегі жазылушылардың ыстық ықыласына ие болды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
14:24
Тікелей эфирде балағат сөз айтқан: Ақтөбеде Tik...
26.10.2026
14:22
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызм...
26.10.2026
14:12
Мыс өңдеудің жаңа әдістемесі бекітілгеннен кейі...
26.10.2026
14:07
Ыстанбұлда қазақстандық қыз жұмбақ жағдайда қаз...
26.10.2026
13:31
Маңғыстауда ұсталған екі шенеунік қамауға алынды
26.10.2026
13:22
Қазақстанда туған рэпер жазатайым оқиғадан кейі...