Баян ба, қоян ба, маған бәрібір – Меруерт Түсіпбаева

Баян ба, қоян ба, маған бәрібір – Меруерт Түсіпбаева
03.07.2025 16:49
0
217
Фото: әлеуметтік желі

Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева продюсер Баян Алагөзованың қазақтың эпостық шығармаларына негізделген жобалармен айналысуын орынсыз деп санайтынын әлеуметтік желідегі парақшасында ашық жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесінің пікірінше, Алагөзованың қазақ тілін терең меңгермеуі мен ұлттық дәстүрден алшақтығы – тарихи әрі рухани маңызы зор жобаларға жетекшілік ету үшін жеткіліксіз.

«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сынды ұлттық мұраларға кәсіби, тіл мен дәстүрді шын түсінетін мамандар тартылғаны жөн, – деп жазды Түсіпбаева.

Желі қолданушылары бұл пікірге түрліше көзқарас танытты. Бірі Меруерттің уәжін қолдап, қазақ руханиятының тазалығы маңызды десе, екіншілері бұл сөздер қоғамда кері әсер тудырып, дауға ұласуы мүмкін екенін ескертті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий