Беларусь президентін хоккей кезінде қарсыласы құлатып кетті

29.12.2025 15:28 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
Беларусь президентін хоккей кезінде  қарсыласы құлатып кетті
0
50
БелТА

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскіде өткен хоккей матчында мұз үстінде құлағаннан кейінгі жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz

БелТА агенттігінің хабарлауынша, 27 желтоқсанда мемлекет басшысының командасы Брест облысынан келген қарсыластарымен жолдастық кездесу өткізген. Ойын барысында Лукашенко командасындағы ойыншылардың бірі оны байқамай қағып кетіп, президент мұзға құлаған сәт әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Осы жағдайдан кейін Лукашенконың денсаулығына алаңдаушылық білдіргендерге жауап берген Беларусь президенті өзін жақсы сезініп жүргенін айтты.

Барлығы әдеттегі жұмыс режимінде. Өзгені қорқытпау үшін өзіңдікін ұр дегендей. Белім сәл сырқырап қалғаны болмаса, жағдайым жақсы. Келесі ойынға дайындалып жатырмын, — деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий