Белгілі журналист комаға түсті

Белгілі журналист комаға түсті
07.05.2025 15:43
0
170
Фото: ОКҚ

Журналист Диас Ахметшәріп миына қан кетіп, комаға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ulysmedia.kz порталының мәліметінше, оқиға Ақтауда өткен Ішкі істер министрлігінің көшпелі алқалы жиыны кезінде болған. Дәрігерлер оның жағдайын «аса ауыр» деп бағалап отыр.

Диас Ахметшәріп кәсіби жолын 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып бастаған. Кейін «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт журналисі ретінде ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Ол — еліміздегі алғашқы спорт арнасы «Қазспорттың» тұңғыш директоры, сондай-ақ «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарған.

2003 пен 2007 жылдар аралығында Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметін басқарды, ресми баспасөз хатшысы болды. Соңғы жылдары түрлі мемлекеттік құрылымдарда баспасөз хатшысы ретінде қызмет еткен.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий