Белсенді Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті: енді оны не күтіп тұр?

11.09.2026 15:51 Әсел МҰРАТ
Белсенді Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті: енді оны не күтіп тұр?
225
Фото: ашық дереккөз

Блогер әрі белсенді Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы оның адвокаты Радмир Өтепов мәлімдеді.

Санжар Боқаев 18 наурызда ұсталған болатын. Сол кезде Бас прокуратура оны ағаштарды заңсыз кесу және құрылыс нысандарындағы ұрлық фактілері туралы жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Бокаев ағаштарды кесуді өзі ұйымдастырып, оған ақша төлеген. Сондай-ақ жұмысқа табысы төмен азаматтарды тартып, оларға ақы төлеуге уәде берген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл әрекеттер қоғамда аталған мәселелерге қатысты теріс пікір қалыптастыру мақсатында жасалған.

Бұдан бөлек, Боқаев алаяқтық және аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікке де ілінген.

Адвокат істің сотқа қандай баптар бойынша жолданғанын айтпады. Ол бұл ақпаратты жария етпеу туралы қолхат бергенін алға тартты.

Войдите, чтобы оставить комментарий