Берденов оқ тигеннен кейін асфальтта дұға оқып жатқан

Берденов оқ тигеннен кейін асфальтта дұға оқып жатқан
07.08.2025 17:12
0
129
Фото: gov.kz

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін оқиғаны көрген куәгерлер сотта жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Куәгерлердің бірі Арайлым Қамытбек әкімдік маңындағы автотұрақта бейне түсіріп жатқан. Ол әкімдік ғимаратынан 2-3 адам шыға бастағанда, бірден оқ атылғанын айтты. 

«Мен дереу полицияға қоңырау шалдым. Сол сәтте тағы 3-4 рет оқ атылды. Сол кезде классикалық костюм киген ер адам (Руслан Берденов) жүгірді.  Ал оқ атқан кісі (Ернар Жиенбай) оны қуып келе жатты», – деді куәгер.

Ал Берденовтің жүргізушісі Мейрамбек Қалымбетов бастығының жұмысы бітуін күтіп көлік ішінде отырған. Ол болған жағдайды өз көзімен көріп, дереу есін жиып  Жиенбайды көлікпен соққан. 

«Руслан Арысбекұлын өлтіріп қоюы мүмкін деп ойладым. Соққаннан кейін ол құлап, кейін қайтадан тұрып, қашып кетті», – деді  Қалымбетов.

Куәгерлер Берденовтың жарақатынан қан кетуін тоқтатуға тырысқан. Ал ол сол кезде асфальтта дұға оқып жатыпты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий