«Бес адам жұқтырған, емі жоқ»: еліміздің ұлттық орталығы жаңа вирусқа қатысты дабыл қақты
2437
Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Нипах вирусының таралуына байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды Politico.kz.
Орталықтың мәліметінше, вирус – адамға жарғанаттардан, шошқалардан, сондай-ақ ластанған азық-түлік пен науқас адаммен тығыз қарым-қатынас арқылы жұғатын қауіпті зооноздық инфекция.
«Қазіргі уақытта Үндістанның Батыс Бенгалия штатында бұл вирус жұқтырудың 5 жағдайы тіркелді. Нипах вирусына қарсы вакцина да, нақты емі де жоқ, сондықтан алдын алу шараларын сақтау аса маңызды», - делінген орталық мәлімдемесінде.
Орталық егер Нипах вирусы анықталған өңірлерге баруды жоспарлап отырған адамдарға сақтық шараларын ұстануды ескертті:
- Жарғанаттармен, шошқалармен және басқа да жабайы жануарлармен жақындаспау;
- Қолды сабынмен жиі жуып, антисептик пайдалану;
- Тек қауіпсіз (қайнатылған немесе бөтелкедегі) ауыз суды ішу;
- Шикі финик шырынын және жануарлар ластауы мүмкін тағамдарды бас тарту;
- Жеміс-жидектер мен көкөністерді мұқият жуып, қабығын аршып жеу.
Егер сапардан кейін дене қызуының көтерілуі, жөтел, қатты бас ауруы сияқты белгілер пайда болса – дәрігерге дереу қаралып және шетелге шыққаныңызды міндетті түрде ескертіңіз.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...
04.10.2026
10:37
Алматыда курьер 3 млн теңгеге жуық қымбат гадже...