«Бибігүл анамыз сағын сындырып еді»: Гүлзира Айдарбекова абақтыда жатқан ұлына жазба арнады
Қамаудағы әншінің анасы Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты қатты сынаған сәтін еске алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа қатысты әсерлі жазба жариялады.
Ол қазір абақтыда жатқан әншінің қарапайымдылығы туралы тағы да сөз қозғады. Гүлзира Айдарбекова өзіне қолдау бірген жандарға шын жүректен алғыс айтты.
«Сынақ қой ештеңе етпес, сіздер де жігерлі болыңыздар! Кімнің басынан не өтпейді, иә, иә бұлт артынан күн шығатынын ұмытпайық! Бес саусақ бірдей емес, бір ананың баласы мүгедек, бірі баласынан айырылып жатыр, бірі перзент сүйе алмай жүр, соның бәрін Алла тәубасына келсін деп көзіңе көрсетіп қояды екен. Иә тәуба, ең бастысы балам аман! Ер азамат қой, тағдырына көнеді, шыдайды, өзі әндеріне қосып айтқандай, «Шыда жүрек»! Тілеуін тілеп отырған барша аналарға айтарым: Көз жастарыңыз тек қуаныштан болсын!» - деді продюсер.
Осы тұста Айдарбекова ұлын Бибігүл Төлегенованың да сынаған сәтін еске алды.
«Екінші видеодағы «Ана» әнінде ютубтан толық нұсқасын байқасаңыздар, сахнадағы лейтта Бибігүл анамыздың суреті. Тура сол кезде апамыз «Қайрат – жер» деп біраз сағын сындырып еді. Бір разы болғаным, ұлым «қоя беріңіздерші, қарттық қой, ештеңе етпес, Бибігүл анамызды да қосыңыздар, ол кісіге де арнаймын» деді. Көмекшілерім ұлымның сыртынан «жаным-ау, неткен қарапайымдылық, осы көркем мінезінің арқасында әлі орнын жоғалтпай, Алланың қалауында болып келеді ғой, әпке» деп, көздеріне жас алып еді. Адамдар соңғы кезде кекшіл, өсекшіл болып барады, ел болып түзелеміз бе десек, күннен күнге лаулаған оттай өршіп барады. Бір қазақпыз, қанымыз да, жанымыз да қазақпыз, неге ойланбасқа, ұрпағымыз бір қазақ емес пе», - деді продюсер.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды