Билетсіз балаларды автобустан мәжбүрлеп түсіргендер жауапқа тартылады
Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында «Жаңа заң жобасында 16 жасқа дейінгі балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп шығарып жібергені үшін жауапкершілік қарастырылуда. Бұл өз кезегінде билетсіз жолаушылардың көбеюіне алып келмей ме?» деген сұрақ қойылды.
«Бұл норма алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін қарастырылып отыр. Менің ойымша, аталған шара билетсіз жүретін жолаушылардың санын көбейтуге жол бермейді. Қоғамдық көлік жүргізушісі немесе кондуктор полицейлер мен қамқоршылық қорғау органдары өкілдерін шақырады, содан кейін баланың автобуста билетсіз жүру себебі анықталады. Себепті анықтау барысында ата-анасының кінәсі белгілі болса, яғни баласының қоғамдық көлік ақысын төлеуін қамтамасыз етпесе, онда ата-анаға жауапкершілік қаралуы мүмкін», - деп жауап берді Шыңғыс Алекешев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
12:44
Зікіршілер жамағатының жетекшісі Исматулла Мақс...
27.10.2026
12:29
Балқаш зауыты шатырын жаңартып, қауіпсіздікке к...
27.10.2026
12:20
Сайлаудағы заңбұзушылықты әшкерелегендерге 1 ми...
27.10.2026
12:15
Алматыда күніне 4 банка энергетик ішкен жас жі...
27.10.2026
11:45
Павлодарда салмағы 600 грамм шақалақтың жамбас ...
27.10.2026
11:28
«Бір сахнаға сыймайды»: Тұрсынбек Қабатовтың жа...