«Бір сахнаға сыймайды»: Тұрсынбек Қабатовтың жары «Базар жоқ» әртістерінің неге бөлек кеткенін түсіндірді
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі «Базар жоқ» әзіл-сықақ театрының бұрынғы ұжымы мен өнер иесінің қазіргі байланысы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол желіде оқырмандардың сұрағына жауап беріп, жігіттердің бүгінде жеке шығармашылық жолға түскенін және әрқайсысының өз аудиториясы бар екенін атап өтті. Дегенмен олардың арасындағы байланыс пен сыйластық бұзылмаған.
«Жігіттермен Тұрсынбектің қарым-қатынасы өте жақсы. Араласады. Бәрі әр кез алғысын айтып, концерт қояр алдында мәдениетті түрде алдынан өтіп барып, өздері гастрольге шығып жүр. Неге десеңіздер, қазір ОНБ бар, киноға түсіп жүр, әрқайсысының өзінің мықты энергиясы бар. Баяғыдай емес, енді бір сахнаға сыймайды бәрі», — деп жазды ол.
Сондай-ақ әзілкештің жары бұрынғы әріптестердің бір кеште басын қосу уақыт жағынан мүмкін емес екенін жеткізді.
«7-10 минут оларға аз. Бәрі өз өнерін көрсетіп, сахнада ұзақ тұрғылары келеді. Бәрі 20–30 минуттан тұрса, онда концерт 3-4 сағат болып кетері анық. Сол себепті ол мүмкін емес. Аты жер жарып тұрған мықтыларға нөміріңді қысқарт деп те айта алмайсың. Сондықтан тарап кетті, ойып қалды деп бос әңгіме», — деді ол.
Сонымен қатар ол болашақта театрдың үлкен мерейтойлық концерті өтуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Оның сөзінше, Тұрсынбек Қабатов әрбір әзілкештің жеке жетістігі мен жеке концерттеріне шын жүректен марқайып, мақтанып отырады.
Соңғы жаңалықтар