"Бір дәуірдің үні": Ақбота Керімбекова Роза Рымбаева туралы жазба жариялады

09.02.2026 17:10 Мөлдір Талғат
119
Фото: коллаж politico.kz

Әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әпкесі, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваға арналған әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі Халық әртісінің сахнадағы 50 жылдығына арналған мерейтойлық концертінен кейін жүрекжарды лебізін білдірді.

«Бүгін – қазақ өнері үшін айрықша, жүрекке жақын күн. Қазақстанның Халық әртісі, өнердің шын мәніндегі символына айналған Роза Қуанышқызы сахнада жүргеніне 50 жыл толуына орай мерейлі концертін өткізді.
Жарты ғасыр – бұл жай ғана уақыт емес, бұл халықпен бірге соққан жүрек, мыңдаған әнге, миллиондаған сезімге айналған ғұмыр. Әр әні – тағдыр, әр әуені – естелік, әр сахнаға шығуы – өнерге деген шексіз махаббаттың дәлелі.
Роза Қуанышқызы – бір дәуірдің үні, бірнеше ұрпақтың жүрегінде сақталған асыл есім. Сахнаңыздан нұр кетпесін, дауысыңыз мәңгі жаңғырып, өнеріңіз ұлтпен бірге жасай берсін! Мерейіңіз үстем, жолыңыз әрдайым жарық болсын!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Ақбота Керімбекованың бұл жазбасын жылы қабылдап, ізгі тілектерін жаудырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий