«Бірге ішімдік ішкен»: Павлодар облысында тірідей жанып кеткен 6 адам туралы күтпеген дерек шықты

«Бірге ішімдік ішкен»: Павлодар облысында тірідей жанып кеткен 6 адам туралы күтпеген дерек шықты
09.10.2025 16:07
0
180

Павлодар облысы Солнечный аулындағы шаруа қожалығы маңында өрттен қаза тапқан адамдар туралы тың дерек шықты,   белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шаруа қожалығы аумағындағы өрт сөндірілді.

Қаза тапқан алты жұмысшы қайғылы оқиғаға дейін ішімдік ішкен


«Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз пайдалану. Анықталғандай, жұмысшылар алдыңғы түнде ішімдік ішкен. Өрт кезінде үйде жеті адам болған. Оқиға орнында үш әйел мен үш ер адамның денесі табылды, қаза тапқандардың кім анықталды. Олар – шаруа қожалығының қызметкерлері», – деді департаменттегілер.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде үй толығымен отқа оранып, шатыр құлаған, өрт жақын маңдағы шаруашылық ғимараттарына тарап кеткен.

1972 жылғы ер адам өз бетінше үйден шығып үлгерген. Алайда ол орташа ауырлықтағы көмірқышқыл газымен уланғаны белгілі болып, Екібастұз ауруханасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий