“Бірнеше рет сотты болған”: Шымкентте ер адам 8 жастағы қызға сұмдық әрекеттер жасады

Тергеу соты 8 жасар қызды зорламақ болған ер адамды босатып жіберген, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұны адвокат Талғат Есімов айтты. Оның сөзінше, оқиға Шымкентте 24 сәуір күні тұрғын үй кіреберісінде болған.
№56 колонияда жазасын өтеп жатқан күдікті үйіне қайтып келе жатқан баланың соңынан еріп, бірге ішке кірген. Сосын екінші және үшінші қабаттар арасында баланың белдемшесінде жіп шығып тұрғанын айтып, алдаған. Сосын етегін көтеріп, әдепсіз әрекеттер жасаған. Қыз қорқып айқайлап, үйіне қарай жүгірген. Ал ер адам оқиға орнынан ізін суытқан. Қыздың анасы полицияға арызданған. Олар ер адамды жедел анықтап, күдіктіні қамауға алу туралы өтінішхат тергеу сотына берілген. Дегенмен тергеу соты бас тартқан.
Адвокаттың айтуынша, күдікті 10 жыл ішінде бірнеше рет істі болған. Оның ішінде зорлық-зомбылық әрекеті де бар.
Соңғы жаңалықтар





