"Біртүрлі қарадың деп ашуланатын". Карина Мамаш дипломат күйеуінің абьюздік қарым-қатынасы жайлы айтты
549
Карина Мамаш дипломат күйеуінің абьюздік қарым-қатынасы жайлы айтты, - деп хабарлайды politico.kz тілшісі.
"Ол кез келген нәрсеге ашуланатын. Мысалы, "тамақты дұрыс пісірмедің", "біртүрлі қарадың", "бала тәрбиесімен дұрыс айналыспайсың" деп бірден ашуға салынатын. Біз БАӘ тұрған кезде ол таңертең балаларды мектепке апарып, түсте алып келетін. Яғни ол таңертең сағат 8:00-ден бастап, түске дейін ғана жұмыс істейтін. Олар үйге келгенде мен тамақтарын беремін, ал Сәкен ары қарай ұйықтайтын. Содан соң сағат 18:00-де тұрып, бірдеңе жеп алып, ары қарай ішуге кететін. Мен "сен ұйықтап ал, содан кейін балалармен бірге уақыт өткізейік" деп айтатынмын, бірақ ол елемейтін", - дейді Карина Мамаш. Сондай-ақ Каринаның айтуынша, дипломат оған жұмыс істеуге тыйым салған. "Мен одан ешқандай қолдау күтпеймін. Мен балаларды өзім қамтамасыз ете аламын. Ол 10 жыл бойы мені басып келді. Мен жұмыс жасағым келген кезде тыйым салды. Мүмкіндіктер болды, мені түсірілімдерге шақыратын. Бірақ ол әр түсірілім алдында мені ұратын. Сондықтан мен өзім бас тартатынмын", - деді ол.Соңғы жаңалықтар
25.08.2026
23:09
Алматыдағы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт ...
25.08.2026
22:38
Тоқаев пен Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлес...
25.08.2026
21:38
Әлем көшбасшылары Тоқаевты Құрылтай сайлауының ...
25.08.2026
20:43
Құрбысы: Күйеуі Мадинаның алтындары мен "айфоны...
25.08.2026
20:36
Астанада декреттегі әйел жалдамалы пәтерден ірі...
25.08.2026
19:45
Мадинаның құрбысы: Енесі «Келін бізге сор болды...