Блогер 11 миллион теңге тұратын сөмкесін көрсетіп мақтанды

Блогер 11 миллион теңге тұратын сөмкесін көрсетіп мақтанды
02.09.2025 23:14
0
67

Белгілі блогер Мерей Әбілова өзінің үйі мен гардеробын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Желі жұлдызы Бейбіт Әлібековтің бағдарламасына қонақ болып, тұрмысы жайлы әңгімеледі.

«Біз дүкен аралағанды қатты ұнатамыз. Сондықтан да жатын бөлмемізден гөрі гардеробымыз кеңірек болғанын қаладым. Оң жақта – менің киімдерім, сол жақта – Димаштың заттары тұр. Шынымды айтсам, менде киім аз, керісінше, Димашта көп. Ол әрқашан бренд бұйымдарға қызығатын. Қазір гардеробында талай қымбат дүниелер бар. Біз қыз-жігіт болып жүрген 2022 жылы ол маған алғаш рет бренд сөмке сыйлаған еді. Бір аптадан кейін туған күнім болды. Не сыйлайын деп сұрағанда, мен Dior сөмкесін қалап, суретін жібердім. Сол сәттен бастап алғашқы қымбат сыйлығымды алдым. Бұл мен үшін бағалы әрі ерекше. Тіпті, қызымыз Мариям дүниеге келгенде де ол тағы да сөмке сыйлады», – деді Мерей.

YouTube көрермендері блогердің гардеробына ерекше назар аударып, қызу пікір білдірді.

«Гардеробы бір бөлмемнен үлкен екен», «Мерейдің тазалыққа мән беретіні байқалды», «Hermes сөмкесінің құны – 11 миллион теңге», «Отбасылары сондай жарасымды», «Димаш секілді жігіт кезіксін әркімге», «Үйлерінің дизайны өте әдемі жасалған екен», – деп жазды желідегілер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий