Блогер Super Mamasita: Енді бала туа алмаймын
Әлеуметтік желіде Super Mamasita лақап атымен танымал блогер Әлия Байтұғаева не себепті енді бала босана алмайтынын ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ол "Мамский әңгіме" подкастында айтты.
«Жыртылды. Өкінішке қарай, оны тігуге болмайды, ол өздігінен жазылуы тиіс. Содан перинаталдық орталықта тағы екі апта жаттым. Салмағы 3 келі 100 грамм болса да, неге екені белгісіз, үшінші баламда "жыртылып" кетті. Өкінішке қарай, енді қайта бала босана алмаймын», – деді Super Mamasita.
Блогер Әлия Байтұғаева болашақта қайтадан бала босанған күннің өзінде жүктіліктің соңғы үш айын ауруханада өткізуге мәжбүр болатынын жеткізді.
«Дегенмен, бұл теориялық тұрғыда ғана мүмкін: ол үшін жүктіліктің соңғы үш айын ауруханада, дәрігерлердің қатаң бақылауында өткізуім керек. Себебі жатыр созылған сайын, жетінші немесе сегізінші айда бұрынғы ота орнының қайта жыртылу қаупі өте жоғары. Егер денсаулығымда ешқандай кедергі болмағанда, баяғыда-ақ тағы да бала босанар едім. Кезінде қатты қаладым, бірақ сәті түспеді. Өзімнің анам – гинеколог дәрігер. Ол кісі кесарево отасынан кейін өздігінен босану идеясын мүлде қолдамады, тіпті мені «ақылға сыймайтын іс істеп жүрсің» деп сөкті. Толғақ қысып жатқанда да, анам маған қайта-қайта ана өлімінің жиі болатынын айтып, қауіпті екенін ескертумен болды», – деді блогер.
Соған қарамастан, блогер өміріндегі ең жауапты сәттерде анасының қолдауын әрдайым сезінетінін жеткізді. Оның сөзінше, босану бөлмесінде қасында болып, демеу берген анасының арқасында бұл сындарлы кезеңнен аман-есен өткен.
«Соған қарамастан, екінші және үшінші босануымда қасымнан табылды. Тіпті босану бөлмесінде қолымнан ұстап, массаж жасап, демеу беріп, рухани жігерлендіріп отырды. Менімен бірге босанды десем де болады. Анам – өте қайсар әрі мықты жан», – деді Super Mamasita.
Соңғы жаңалықтар