БҚО тұрғыны қызғаныштан әйелін өлтірді
БҚО тұрғыны әйелін қызғанамын деп оны өлтіріп алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қайғылы оқиға 28 мамырда Теректі ауданы Шаған кентінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам әйелін пышақтап өлтірген. Әйел жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Үш бала анасыз қалды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шаған ауылдық округінің әкімдігі отбасы еш жерде есепке алынбағанын хабарлады. Ерлі-зайыптылар шамамен 30 жаста екен.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
18:09
Қазақстанның Қорғаныс министрі қаза тапқан және...
29.10.2026
17:01
Мехикода Димаш Құдайбергенге арналған арнайы ав...
29.10.2026
16:08
«Ред флаг» тек еркектерге ғана тән емес: ҚМДБ т...
29.10.2026
15:43
Кондиционерсіз ұшақта 45 минут тұншыққан жолауш...
29.10.2026
15:35
Қазақстанда «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қ...
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...