Мехикода Димаш Құдайбергенге арналған арнайы автобус қатынай бастады
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші әрі сазгер Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы жанкүйерлері өнер иесінің алдағы концертіне орай ерекше жобаны жүзеге асырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ел астанасы Мехико қаласында әншінің суреттерімен безендірілген тақырыптық автобус жолға шықты. Арнайы көлік бағыты қаланың ең көрікті әрі адам көп шоғырланған аудандарын қамтиды. Атап айтқанда, автобус Пасео-де-ла-Реформа даңғылы, Периферико айналма жолының солтүстік бөлігі, Ұлттық аудиториум маңы, сондай-ақ Глориета-де-Петролеос пен Чапультепек аудандары арқылы өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тақырыптық автобус бір айға жуық уақыт бойы мегаполис тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген өзінің «DIMENSIONS» әлемдік турнесі аясында 19 және 20 қараша күндері Мехико қаласында жеке концертін өткізеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
17:01
Мехикода Димаш Құдайбергенге арналған арнайы ав...
29.10.2026
16:08
«Ред флаг» тек еркектерге ғана тән емес: ҚМДБ т...
29.10.2026
15:43
Кондиционерсіз ұшақта 45 минут тұншыққан жолауш...
29.10.2026
15:35
Қазақстанда «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қ...
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...