БҚО-да 25 жыл бұрынғы жұмбақ қылмыстың беті ашылды

БҚО-да 25 жыл бұрынғы жұмбақ қылмыстың беті ашылды
04.07.2025 14:28
0
214
Фото: gov.kz

БҚО-да 25 жыл бұрын екі адамды өлтірген ер адамдарға қатысты іске сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Алқабилер соты екі азаматты жоспарлы өлтіру дерегі бойынша кінәлі деп танып, бірін 19 жыл, екіншісін 15 жылға соттады. Екеуі де қатаң режимдегі түрмеге жіберіледі. 

Тергеу мәліметінше, 2000 жылғы 13 желтоқсанда Орал қаласында болған қылмыс сол жылдарғы дүрбелең мен алмағайып кезеңдердің көлеңкесінде ашылмай қалған. Тергеушілерге тікелей дәлелдер болмағандықтан, өз кезегінде іс жабылған. Араға аттай 25 жыл салып прокуратура және тергеу тарапынан сотталушылардың күдіктілер ретіндегі байланысы қайта қарастырылды.

Ширек ғасыр бұрын орын алған оқиға автокөлікте өрбіген. Айыпты деп танылғандар зардап шеккендердің мойны мен басына оқ атқан. Қылмыстың басты мотиві - қаржылық келіспеушіліктер. Нәтижесінде,  бұләрекетті алқабилер «алдын ала жоспарланған қастандық» ретінде бағалады.

Сот барысында екі айыпталушының бірі өз кінәсін мойындап, өкінішін білдірсе, екінші сотталушы өзіне тағылған қылмысты жоққа шығарды. Қазіргі таңда іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Сотүкімі заңды күшіне енбеген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий