Бразилияда Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленген автобус жүр

Бразилияда Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленген автобус жүр
15.05.2025 15:50
0
56
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Бразилияның Форталеза қаласында Димаш Құдайбергеннің 31 жасына орай әншінің бейнесі жапсырылған арнайы автобус жолға шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ DimashNews сайтына сілтеме жасап.

«Әлемдегі ең ерекше дауыс!» деген ұранмен безендірілген автобус — бразилиялық тыңдармандардың сүйікті әншісіне деген шексіз құрметінің белгісі.

«Dimash on the Road» деп аталатын бұл акция осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Биыл автобус 2,7 миллионнан астам халқы бар Форталеза қаласының көшелерінде жүріп жатыр.

Көліктің артқы бөлігінде QR-код орналастырылған. Оны сканерлеп, Димаштың 2021 жылы өткен Digital Show кезінде шырқаған SOS d’un terrien en détresse әнін тыңдауға болады.

Сондай-ақ автобуста әншінің алдағы концерттері өтетін Барселона, Берлин және Лондон қалалары көрсетілген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий