Бүркіт пен Аишаның төртінші сәбиі дүниеге келді

Бүркіт пен Аишаның төртінші сәбиі дүниеге келді
Фото: instagram.com/aisha_vee

Әнші Бүркіт Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандықтардан сүйінші сұрап, перзентханадан видео жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Кадрдан перзентхана кереуетінде жатқан Аишаны және қолындағы сәбиін алыстан байқауға болады.

"Ал, қазақ елі, сүйінші! Қызды болдым! Біздің қызымыз өмірге келді. Аллаға мың алғыс. Аиша аман! Аллаға шүкір", - деп жазды әнші видео сипаттамасында.

Айта кетейік, осылайша қазақстандық әртістер төрт баланың ата-анасы атанып, көпбалалы отбасы қатарына қосылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу