Дүкен сөрелерінен «қазақстандық банан» дегенді көрсеңіз таңғалмаңыз

Дүкен сөрелерінен «қазақстандық банан» дегенді көрсеңіз таңғалмаңыз
  Себебі Түркістан облысында алғаш рет өсірілген банан алғашқы жемісін берді. Жемісті әзірге Алматы мен Шымкент қалаларында сатылады деп жоспарланып отыр.  "5 гектарда 9 мың түп банан бар. Бірінші өнімге 600 тонна алайық деп тұрмыз. Алғаш егілгендеріне 9 ай, қалғандарына 5-6 ай болды. 3-4 айдан кейін одан да өнім аламыз. Кейін әрі қарай жылына 2-3 ретке дейін өнім аламыз. Бабын тапсақ, екі мың тоннаға дейін өнім алуға болады екен", – дейді кәсіпкер Ислам Әлиев.   
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу