Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы болып сайланды
Астанада өткен «Ақ жол» Демократиялық партиясының съезінде делегаттардың көпшілік дауысымен Дания Еспаева ұйымның жаңа төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Politico.kz хабарлайды.
Жиын барысында партия жетекшісі Азат Перуашев өзінің төрағалық өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Ол бұл шешімін саяси ұйымның съезінде ресми түрде жария етті. Осыдан кейін Перуашев босаған лауазымға Парламент Мәжілісі төрағасының қазіргі орынбасары Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды. Съезге қатысушылар бұл ұсынысты бірден қолдап, жаңа жетекшіге дауыс берді. Нәтижесінде Еспаева «Ақ Жол» Демократиялық партиясының төрағасы болып сайланды.
Еске сала кетейік, Дания Еспаева «Ақ жол» партиясына 2016 жылы келіп, Парламент Мәжілісінің депутаты атанған болатын. Кейінірек, 2019 жылдың сәуір айында ол осы саяси ұйым атынан Қазақстан Президенттіге кандидат ретінде ұсынылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...