Дәрігерлер үшін жаңа бонус: 1,7 млн теңгеге дейін табуға болады
799
Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жаңа бонустық жүйе енгізіледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жаңа жүйе учаскелік дәрігерлерге, мейіргерлерге, фельдшерлерге және жүкті әйелдермен жұмыс істейтін акушерлерге арналған. Олардың еңбегі профилактика мен науқастарды ерте анықтау жұмысына қарай бағаланады. Мысалы, созылмалы ауруы бар адамдарды уақытылы бақылау немесе туберкулез бен қатерлі ісіктерді анықтау үшін қосымша ұпай беріледі.
Балдық жүйе келесідей:
- 50 балл (1 балл = 4,5 АЕК = 17694 теңге) — қанайналым жүйесі аурулары мен қант диабеті бар пациенттерді толық динамикалық бақылау үшін;
- 25 балл — созылмалы ауруларды ерте анықтау және әйелдерді жүктілікке дейін сауықтыру;
- Бонустар (1 бонус = 5 АЕК = 19660 теңге) — қатерлі ісіктерді және туберкулез жағдайларын анықтағаны үшін.
Жиналған баллдарға қарай төленетін үстемақы тоқсанына 1,7 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Министрліктің айтуынша, бұл дәрігерлердің науқастармен тығыз жұмыс істеуіне, ауруларды ерте сатысында анықтауға және халық денсаулығын қорғаудағы нәтижесін арттыруға ықпал етеді.
Жаңа жүйенің басты мақсаты – алдын алу шараларын күшейтіп, шұғыл ауруханаға жатқызу санын азайту.
Соңғы жаңалықтар
20.08.2026
09:26
"Қолхат жаздырып, қорқытқан": 17 жастағы Ясмина...
20.08.2026
09:25
Маңғыстау облысында ер адам жоғалып кетті
20.08.2026
00:12
Мәдина соңғы видеодағы көйлекті лақтырамын деп ...
19.08.2026
23:30
Құрбысы: Мәдина бұған дейін де күйеуінен 5-6 ре...
19.08.2026
23:25
“Спорт саясаттан бөлек”: Қуат Хамитов Головкинд...
19.08.2026
22:17
Алматы облысында тау шыңынан табылған мәйіт тік...